Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (93) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (151)

Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!

Ілмектер: ақылды, дүние, тікенек, аяқ

Ашкөзге дүниенің асы жетпес.

Ілмектер: ашкөз, дүние, ас, тағам, тамақ

Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.

Ілмектер: айып, бас, кесу, дүние, тірі, жан

Бүгін бар дүние ертең жоқ,
«Өзімдікі» дегенің өзгеге кетеді.

Ілмектер: бүгін, ертең, дүние

Бүгін күлерсің, ертең жыларсың,
Бүгін дүниенің үсті, ертең асты.

Ілмектер: күлу, жылау, дүние

Дүниесi аз кiсi жарлы емес, тойымсыз кiсi жарлы.

Ілмектер: дүние, жарлы, кедей, тойымсыздық, ағылшын мәтелі

Бұ дүниенің қайғысы көп.

Ілмектер: дүние, қайғы

Бұ дүниеге еш уақытта да сеніп болмайды.

Ілмектер: дүние, уақыт, сенім

Бұ дүние байлығы — шашылған жем.

Ілмектер: дүние, байлық, жем

Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.

Ілмектер: дүние, өмір, өмір туралы, ар, арсыз, адам

Бұл жалғанда жазығы жоқ жан бар ма?

Ілмектер: жалған, жазықты, жазықсыз, жан, адам, дүние, өмір туралы

Бұл дүниені ұстап тұрған — махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.

Ілмектер: махаббат, дүние, адам, сүю

Бұл дүниеге сеніп болмайды.

Ілмектер: дүние, сенім

Бұл дүние уақытша әуре, далбаса,
Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.

Ілмектер: дүние, уақытша, әуре, айдаһар

Бұл дүние — момындардың зынданы.

Ілмектер: дүние, момын