Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (3)

Есі кеткеннен ем сұрама,
Есіріктен жөн сұрама.

Ілмектер: ем, сұрау

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Ілмектер: ауру, ем

Еңбексіз ауырса, емі табылмайды,
Есалаң жетіссе, теңі табылмайды.

Ілмектер: еңбек, ем

Іздеп алған аурудың емі табылмас.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, ауру, ем

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

Ілмектер: шымыр, дəрі, шөп, ауру, денсаулық, арақ, темекі, батпандап, мысқылдап, дерт, ем

Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.

Ілмектер: ауру, ем, қырғыз мақалы, денсаулық

Емнің алды – еңбек.

Ілмектер: ем, денсаулық, еңбек

Жаман сөз —
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз —
Таптырмайтын ем.

Ілмектер: жама, жақсы, сөз, тіл, ем