Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Арманымен — ер сұлу,
Орманымен — жер сұлу.

Ілмектер: арман, ер

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.

Ілмектер: ер, жігіт, ел

Ерді ер ақтайды,
Еңбекті жер ақтайды.

Ілмектер: ер, ел, еңбек

Жердің жарлысына
Ердің сорлысы қонар.

Ілмектер: жер, ер

Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.

Ілмектер: су, ер, жол

Жорға жолға түспесе,
Жол ұрады.
Ер жолға түспесе,
Қол ұрады.

Ілмектер: жол, ер

Ер жапа көрмей,
Опа көрмес.

Ілмектер: ер

Ер қадірін іс түскенде білерсің,
Етік қадірін қыс түскенде білерсің.

Ілмектер: ер

Ер жігіт —
Етек, жеңі кең жігіт.

Ілмектер: ер, жігіт

Ердің ұялғаны — өлгені,
Еменнің майысқаны — сынғаны.

Ілмектер: ер

Дау мен жау — ерге сын,
Көшіп-қонбақ — елге сын.

Ілмектер: дау, жау, ел, ер

Ер көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.

Ілмектер: ер, дос

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Ілмектер: тәуелсіздік, ел, ер

Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.

Ілмектер: туған жер, ер

Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.

Ілмектер: ер

Ер ақылы – бір алтын, ел ақылы – жүз алтын.

Ілмектер: ер, ақыл, ел

Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ.

Ілмектер: ер, ел

Ер бесіктен танылады.

Ілмектер: ер, бесік

Ер бір өледі, ез мың өледі.

Ілмектер: ер, ел, өлім

Ердің екі сөйлегені – өлгені.

Ілмектер: ер, сөз