Ермек қуған
Ілмектер: еңбек
Бәлеге жолығады;
Еңбек қуған
Қазынаға молығады.
Өмір — теңіз,
Ілмектер: ақыл, еңбек, өмір
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз.
Еңбегі жоқ ғалым —
Ілмектер: еңбек, ғалым
Ыстығы жоқ жалын.
Аға —
Ілмектер: еңбек, аға, бала, білім
Еңбекпен көркем.
Бала —
Біліммен көркем.
Білек түр де еңбек ет,
Ілмектер: еңбек, ел, жұрт
Етек түр де елге жет.
Ерді ер ақтайды,
Ілмектер: ер, ел, еңбек
Еңбекті жер ақтайды.
Арық қазбасаң су келмейді.
Ілмектер: су, еңбек
Артық олжа басқа еңбек.
Ілмектер: олжа, еңбек
Күнің шуақты болсын,
Ілмектер: су, еңбек, тілек
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.
Кісіден тілегеннің
Ілмектер: кісі, еңбек
Екі көзі шығады.
Еңбегіне сенгеннің
Екі бүйірі шығады.
Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.
Ілмектер: кәсіп, нәсіп, еңбек
Жатқанға жан жуымас,
Ілмектер: жалқау, жалқаулық, еңбек, мал, байлық
Жалқауға мал құралмас.
Ерді еңбек жеткізер.
Ілмектер: ер, еңбек, байлық
Ердің атын еңбек шығарады.
Ілмектер: ер, еңбек
Еңбегіңнен ел таныр.
Ілмектер: еңбек, ел
Еңбегің қатты болса,
Ілмектер: еңбек
Татқаның тәтті болар.
Жаңбырменен жер көгерер,
Ілмектер: жаңбыр, ел, еңбек
Еңбекпенен ел көгерер.
Ісі кенеулінің - есімі елеулі.
Ілмектер: іс, есім, еңбек
Қайратың бар да мал тап.
Ілмектер: мал, қайрат, еңбек, байлық
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық
Талап қылмай мұратқа жетпес.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі