Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (42) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (24)

Бедері кеткен торқадан,
Бек тоқыған бөз артық.

Ілмектер: жалғыздық

Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы,
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес.

Ілмектер: жалғыздық, жалғыз

Ел кәдірін білмесең,
Жесірлік берсін сазаңды.
Ел кәдірін білмесең
Жалғыздық берсін жазаңды.

Ілмектер: ел, жалғыздық

Жалғыздың жары - құдай.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен бірге адас.

Ілмектер: жалғыздық, көпшілік, халық, ел

Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, үй, ағаш, би, жігіт

Жалғыз кісі жауынгер емес.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, жауынгер

Салт атты, сабау қамшылы.

Ілмектер: ат, қамшы, жалғыздық

Отау үй, оңаша бас.

Ілмектер: отау, үй, жалғыз, жалғыздық

Жалғыз атты жарыстан қалмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Жалғыздың ісі бітпес.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, іс

Жалғыз жігіт жарымас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Жалғыз қаз қаңқылдамас.

Ілмектер: жалғыздық, қаз

Жалғыздықтан гөрі,
Ақымақ болса да, жолдасың болғаны абзал.

Ілмектер: жалғыздық, ақымақ, жолдас

Мінсіз жар іздеген жалғыз қалар.

Ілмектер: мін, үйлену, жалғыздық

Жалғыз болсаң батыл бол.

Ілмектер: жалғыздық, батылдық, қырғыз мақалы

Жалғыздығын жасырған көбеймейді.

Ілмектер: жалғыздық, қырғыз мақалы

Жалғыз өгіз қос болмайды.

Ілмектер: жалғыздық, өгіз, қырғыз мақалы

Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.

Ілмектер: жалғыздық, ат, шаң, ер, даңқ