Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (330) Ұлағатты сөздер (41) Әзіл, анекдоттар (1)

Дәніккеннен құныққан жаман.

Ілмектер: жаман

Балуанның жаманы,
Жығылған соң қалтырар,
Күзетшінің жаманы
Алдырған соң талтаяр.

Ілмектер: жаман

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Ілмектер: адам, жаман

Жаманға ошақтың үш бұты,
Үш айлық жол.

Ілмектер: жаман

Шөлдің қамысы болмайды.
Жаманның намысы болмайды.

Ілмектер: жаман, намыс

Жапа шегіп, жай жату
Жасықтықтың белгісі,
Ерте жатып, кеш тұру
Пасықтықтың белгісі.

Ілмектер: жаман, мінез-құлық

Күтімі жаман ағаштың
Бітімі жаман.

Ілмектер: жаман

Жаман өзен өткел бермес,
Жаман кісі көпке ермес.

Ілмектер: жаман

Бейілі жаман кісіден көшеді,
Өз асын өзі жасырып ішеді.

Ілмектер: жаман, мінез-құлық

Тақыр жерге су төксең,
Жүруге тайғақ болар.
Жаманға сырыңды айтсаң,
Тар жерде айғақ болар.

Ілмектер: жаман, сыр

Жаманның ойыны жаман
Шошқаның мойыны жаман.

Ілмектер: жаман

Қайта жауған қар жаман,
Қайта шапқан жау жаман.

Ілмектер: жаман, жау

Жаманның аттан құлағаны да жаман.

Ілмектер: жаман

Жаман адам өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.

Ілмектер: жаман, көре алмаушылық

Жаман өкпелеймін деп
Сыбағасынан құр қалады.

Ілмектер: жаман, өкпелеу

Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.

Ілмектер: жаман, мал

Қас жаман
Қасындағысын қарақтайды.

Ілмектер: жаман

Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырақтағаны келеді.

Ілмектер: жаман

Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар.
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.

Ілмектер: жақсы, жаман

Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Елге сыймас кер жаман,
Егінсіз болса жер жаман.

Ілмектер: жаман

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)