Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (67)

Ер басына күн туса,
Долданар да тасынар,
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.

Ілмектер: ер, долдану, батырлық, ерлік, жау

Айға шапқан арыстан,
Ашуына болайын;
Жауға шапқан батырдың,
Тасуына болайын.
Үйде қалған қорқақтың
Сасуына болайын.

Ілмектер: арыстан, батыр, жау, үй, қорқақ

Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.

Ілмектер: жау, батыр, атақ

Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.

Ілмектер: жігіт, жолдас, жау, ұят

Жалықпаған жау жеңеді.

Ілмектер: жау, жалығу

Арыстан болсаң жау үшін,
Түлкідей болсын әдісің.

Ілмектер: арыстан, түлкі, әдіс, жау

Қорықсаң құның болмайды,
Жауды жеңбей тыным болмайды.

Ілмектер: қорқу, жау

Тауға сүйенген ер
Таудай жауды жығады.

Ілмектер: тау, жау, ер

Табанды тауды жығады,
Тайсалмаған жауды жығады.

Ілмектер: тау, жау

Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Ілмектер: батыр, батыл, жау, оқ

Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.

Ілмектер: жау, жігіт, ат, төл

Қылышыңды жауға шаппасаң,
Жүзі тиер өзіңе, ұшы тиер көзіңе.

Ілмектер: қылыш, жау, көз

Өзің қорықпасаң жау қорқады.

Ілмектер: жау, қорқу

Батырдың атын жау шығарады.
Шешеннің атын дау шығарады.

Ілмектер: батыр, дау, жау

Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.

Ілмектер: соғыс, ер, жау, сын

Қыздың ерлігі қырғында білінді,
Әйел демей алдына жауы жүгінді.

Ілмектер: қыз, әйел, соғыс, жау

Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.

Ілмектер: батыр, балықшы, жау, түс

Күзетте қалғып көзің ілінсе,
Жаудың қармағына өзің ілінесің.

Ілмектер: күзет, жау

Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.

Ілмектер: алыс, дос, жау, соғыс

Қараңғы түнде құлағыңды түр,
Аңдысқан жаудыбұрын біл.

Ілмектер: жау, қараңғы, соғыс