Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (67)

Шалғыншы болсаң, болжай біл,
Арбасқан жауды алдай біл.

Ілмектер: жау, алдау, соғыс

Шалғыншың шалдырмаса,
Жауға алдырмайсың.

Ілмектер: жау, соғыс

Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.

Ілмектер: жау, дос, сыр, ауған мақалы

Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.

Ілмектер: жау, қару, соғыс

Бесатар белдескенде не керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.

Ілмектер: жау, соғыс

Жаудыра атсаң жауға жақындайсың.

Ілмектер: жау, соғыс

Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды.

Ілмектер: жолдас, жау, дау

Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жауды жеңдім дей бер.

Ілмектер: таяқ, семсер, жау

Жауың тышқан болса,
Арыстан деп қара.

Ілмектер: жау, тышқан, арыстан

Қашқан жаудың олжасы -
Жолда қалған.

Ілмектер: жау, олжа, жол

Алға да бас, кейін де шегін -
Айламен үз жаудың белін.

Ілмектер: айла, жау

Жаудың жанды жерін жете білмесең,
Жағасын жырта алмайсың.

Ілмектер: жау, жең

Тауықтың жауы – қауырсыны.

Ілмектер: тауық, қауырсын, жау, парсы мақалы

Былтырғы дос –
Биыл жау.

Ілмектер: жау, дос, парсы мақалы

Босап қайтқан уысым –
Жауымнан бетер туысым.

Ілмектер: жау, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жауыңның семіз етінің сорпасынан,
Жақыныңның тортасы артық.

Ілмектер: жау, туыс

Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.

Ілмектер: бұлт, ауыл, жау

Үлкенмен бала дауласпас,
Қырғи мен сұңқар жауласпас.

Ілмектер: дау, жау

Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.

Ілмектер: батыр, дана, жау, сынақ

Жаудың түбі – ел болар,
Таудың түбі – бел болар.

Ілмектер: жау, тау, ел, қырғыз мақалы