Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (14) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (54)

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.

Ілмектер: жақсылық

Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.

Ілмектер: Көп, ел, халық, көпшілік, аз, азап, жақсылық

Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.

Ілмектер: еріншек, жақсылық, жалқау

Жаңа айдан жақсылық.

Ілмектер: ай, жақсылық, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Нұрдың суы - нудың суы.

Ілмектер: су, жақсылық, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.

Ілмектер: ер, жақсылық, жамандық

Жақсылық еткен кісінің
Есігінен Қыдыр кетпейді.

Ілмектер: жақсылық, Қыдыр, есік, парсы мақалы

Жақсылық қылсаң жақсылық табарсың,
Жамандық қылсаң жамандық табарсың.

Ілмектер: жақсылық, жамандық

Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

Ілмектер: ораза, айт, жақсылық

Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.

Ілмектер: асығу, жақсылық, жамандық, берекет, пәлекет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.

Ілмектер: ауру, адам, өсиет, жақсылық

Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.

Ілмектер: ауыл, өарт, хат, жаман, жат, жақын, туыс, жақсылық

Жақсылыққа жерік кісі —
Уәдесіне берік кісі.

Ілмектер: жақсылық, уәде

Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,
Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.

Ілмектер: жақсы, жақсылық

Жақсыда кек жоқ.

Ілмектер: жақсы, жақсылық

Жақсылықты қызғанба,
Бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең,
Дүние қызық өтеді.

Ілмектер: жақсылық, қызғану, мінез-құлық

Жамандық жақын, жақсылық алыс.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, алыс, жақын

Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.

Ілмектер: жақсылық, ақыл

Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

Ілмектер: жақсы, жаман, жақсылық

Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.

Ілмектер: жақсылық