Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (61) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (189) Ұлағатты сөздер (44)

Ер еңбегін жер жұтпайды.

Ілмектер: ер, еңбек, жер

Ер — әлімен,
Жер — кенімен.

Ілмектер: ер, жер, әл, кен, қырғыз мақалы

Арадай жерге,
Шарадай жиын.

Ілмектер: жер, жиын, қырғыз мақалы

Жер сәні — егін,
Ер сәні — білім.

Ілмектер: жер, ер, білім, егіншілік

Білім – елге,
Су – жерге.

Ілмектер: білім, ел, су, жер, қырғыз мақалы

Сулы жер - нұрлы жер.

Ілмектер: су, жер

Су - атасы, жер - анасы.

Ілмектер: су, жер

Су – диханның қаны.
Жер - қолыңдағы наның.

Ілмектер: су, жер

Жердің сәні егін, ердің сәні білім.

Ілмектер: білім, ер, жер, сән

Жасыл киген жас-жаран
Елдің сәні,
Қызғалдақ гүл құлпырған
Жердің сәні.

Ілмектер: ел, жер

Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

Ілмектер: байлық, жер, еңбек

Жер тозса — тақыр,
Ер азса — пақыр.

Ілмектер: жер, ер

Әркімнің өз жері - жұмақ.

Ілмектер: жер, жұмақ

Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.

Ілмектер: жер, жұрт, бұлт, Атамекен, Ел, Халық

Ағаш бір жерде көгереді.

Ілмектер: ағаш, жер

Ұлтарақтай болса да
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбелiндей болса да
Туып-өскен ел қымбат.

Ілмектер: жер, отан, ел

Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.

Ілмектер: жер, қыран

Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.

Ілмектер: алтын, тас, бек, жер, тәж

Алтынның шыққан жерін белден қаз.

Ілмектер: алтын, қазу, жер

Аспаннан не түспейді,
Жер нені көтермейді.

Ілмектер: аспан, жер