Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (48) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (120) Ұлағатты сөздер (63) Әзіл, анекдоттар (2)

Арбасының дөңгелегін майламаса,
Арбакештің шайы қайнамайды.

Ілмектер: жол, жолаушы

Асыққанның жолы
Алыстан кетеді.

Ілмектер: жол

Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.

Ілмектер: жол, ел

Жолға шыққан жолаушы
Жол амалын сұрайды.
Артта қалған ауылда
Ел аманын сұрайды.

Ілмектер: жол, жолаушы

Жолда жүрген май ішер,
Үйде қалған қан ішер.

Ілмектер: жол

Жол азабы — көр азабы.

Ілмектер: жол

Барымта
Барымтаға қарымта.

Ілмектер: барымта, жол

Жаяуға жол алыс.

Ілмектер: жол

Әңгіме жолды қысқартады,
Жоқшылық қолды қысқартады.

Ілмектер: жол, жоқшылық

Барар жол ұзақ болса да,
Қайтар жол қысқа болар.

Ілмектер: жол

Жолдас,
Жолдассыз жолың болмас.

Ілмектер: жолдас, жол

Жол мақсаты — жету.

Ілмектер: жол

Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон;
Бай пәле болады,
Сай пана болады.

Ілмектер: жол

Барар жерің бар болса,
Барсаң, айран ішерсің
Барар жерің жоқ болса,
Кімге барып түсерсің?

Ілмектер: жол

Аяғы — ат, қолы — қамшы.

Ілмектер: жол

Үйінен қырық қадам
Ұзап шыққан адам мүсәпір.

Ілмектер: жол, жолаушы, мүсәпір

Жол қадірін, жүрген біледі.

Ілмектер: жол

Аттылы, жаяу келеміз баяу.

Ілмектер: жол, жолаушы

Жол анасы — із,
Ер анасы — түз.

Ілмектер: жол

Жол жүргінді
Жұртты жайға жеткізеді.

Ілмектер: жол