Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (47) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (120) Ұлағатты сөздер (63) Әзіл, анекдоттар (2)

Алыс-беріс қолынан,
Шығарып қояр жолынан.

Ілмектер: жол, қол

Асыққан тез ариды,
Жүгіріп жол алмас болар.
Ақырын жүрген күні-түні жүрсе де, талмайды.

Ілмектер: асығыстық, асығу, жүгіру, жол

Ат арытпай жол бітпейді.

Ілмектер: ат, жол

Ата көрген жол пішер,
Ана көрген тон пішер.

Ілмектер: ата, ана, тон, жол

Атадан ұл туса еді,
Ата жолын қуса еді.

Ілмектер: ата, жол, ұл

Ауру мен жолаушы қамын
Жол қиындығын көрген біледі.

Ілмектер: ауру, жолаушы, жол, қиындық

Бақыт жолы біліммен табылады.

Ілмектер: бақыт, жол, білім

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ілмектер: ізгілік, білім, аспан, жол

Бауырласың болмаса, жолдас ізде,
Жақсы жолдас — бауырлас.

Ілмектер: бауыр, жол, жақсы, жолдас

Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.

Ілмектер: құл, жол, Сәттілік, пұл

Берсе, қолынан,
Бермесе, жолынан.

Ілмектер: жомарттық, қол, жол

Жол сұраған кісі адаспайды,
Жөн сұраған кісі жаңылыспайды.

Ілмектер: жол

Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.

Ілмектер: құс, жол, өтірік, сөз

Жолға шықсаң жолдасыңның
Жүгі болма, жұбы бол.

Ілмектер: жол, жолдас

Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.

Ілмектер: жол, су

Бір күндік жолға шықсаң
Үш күндік жол азық ал.

Ілмектер: жол

Ат қиналмай жол таппас.

Ілмектер: жол, қиналу

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.

Ілмектер: білім, өмір, жол

Ел айрылса – көбіне,
Жол айрылса – кеңінен.

Ілмектер: ел, жол

Қолы ашықтың — жолы ашық.

Ілмектер: қол, жол, Қолы ашық, жолы ашық, Мақал-мәтел, Сәттілік, Бақ, жол болу