Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (2)

Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Ілмектер: жыл, ай, уақыт

Тышқан көп жылы —
Тоқшылық,
Қоян көп жылы —
Жоқшылық.

Ілмектер: тоқшылық, жоқшылық, жыл

Сыған сопы болғанша,
Өтер екен жыл қанша?

Ілмектер: жыл

Он екі жылда ердің құны салауат.

Ілмектер: жыл, ер, құн

Ел алмаған елу жыл жатады.

Ілмектер: жыл, ел, халық

Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде1 үйде бол.

1.Белдезер — ақпан-наурыз айлары

Ілмектер: жыл, ай, ақпан, наурыз, үй

Қарынбай малға тоймайды,
Лұқман жылға тоймайды.

Ілмектер: мал, жыл, қанағат

Жыл ұлық емес,
Ажал – ұлық.

Ілмектер: ажал, жыл, қырғыз мақалы

Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.

Ілмектер: астық, жыл, көп, тағам, ас, қырғыз мақалы

Қырғыздікі қырық жылда.

Ілмектер: жыл, қырғыз, қырғыз мақалы

Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.

Ілмектер: іс, қыңыр, жыл