Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (43) Әзіл, анекдоттар (1)

Заман айнасы — замандас.

Ілмектер: заман, уақыт

Замандасы жоққа
Амандасатын адам табылмайды.

Ілмектер: заман, замандас, уақыт, дәуір

Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі.

Ілмектер: заман, жаман, уақыт, дәуір

Көліне қарай — қазы,
Заманына қарай — сазы.

Ілмектер: заман, сөз, тіл

Заман қамын ойлаған
Саналықтың белгісі.
Адам қамын ойлаған —
Даналықтың белгісі.

Ілмектер: заман, адам

Заманына қарай киімі,
Зердесіне қарай түйіні.

Ілмектер: заман, зерде, ой, ақыл

Заманына қарай амалы.

Ілмектер: заман, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.

Ілмектер: заман, аң, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Заманы бірдің амалы бір.

Ілмектер: заман, амал, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: заман, құрдас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Қилы-қилы заман болады, қарағай басын шортан шолады.

Ілмектер: заман, қарағай, шортан

Әр заманда бір көреген.

Ілмектер: заман, адам

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: жас, заман, құрдас, адам

Заман бұзыларда әуелі әйел бұзылады.

Ілмектер: заман, әйел

Заманың сенімен келіспесе де,
Сен заманыңмен керіспе.

Ілмектер: заман, парсы мақалы

Заман саған үйлеспесе,
Сен заманға үйлес.

Ілмектер: заман

Заманың түлкі болса - тазы боп шал.

Ілмектер: заман, түлкі

Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.

Ілмектер: заман, іс


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)