Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (68) Ұлағатты сөздер (8)

Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.

Ілмектер: жаман, тон, кісі, бит, тіл

Жаман кісі мақтанса, жақсыны жағасынан алдым дер.

Ілмектер: кісі, мақтану

Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.

Ілмектер: қайғы, кісі, ит, түлкі

Елде қырық кісі бар, сүйгеніңе сәлем бер.

Ілмектер: ел, кісі, сәлем, сәлем беру

Жалаңаш кісіні ұры таламас.

Ілмектер: ұры, кісі, жалаңаш

Өзімдікі дегенге,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Анау-мынау ісім бар.

Ілмектер: өгіз, іс, кісі

Аты-тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.

Ілмектер: кісі, күш, адам, адам және оның қасиеттері

Өз қатесін көрмеген,
Кісінің қатесін сезбейді.

Ілмектер: қате, кісі

Бір мылтықтың аузына
Мың кісі сияды.

Ілмектер: мылтық, сың, кісі, өнер

Кісі пейілді болам десең,
Кішіпейіл бол.

Ілмектер: пейіл, кісі, Кішіпейіл, парсы мақалы

Кісіні кісі кісінетеді.

Ілмектер: кісі, қырғыз мақалы

Құдай ұрар кісі қырық бірінде таз болады.

Ілмектер: таз, кісі, қырғыз мақалы

Жаман – кісіден кейін, иттен ілгері.

Ілмектер: жаман, кісі, ит, қырғыз мақалы

Екі кісі күнәкар болса,
Үшінші кісі – дәнекер.

Ілмектер: күнәкар, дәнекер, кісі

Екі кісі күнәкар болса,
Үшінші кісі – дәнекер.

Ілмектер: күнәкар, дәнекер, кісі

Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес.

Ілмектер: кісі, адам

Ақылды кісіден кісілік үйренесің.

Ілмектер: ақыл, кісі, үйрену

Алпыс батпан көтерген кісі
Бес батпан қосқаннан қорықпайды.

Ілмектер: алпыс, бес, батпан, қорқу, кісі

Аралас жүр, ішінде бол ізгінің,
Сонда ұстайсың кісіліктің тізгінін.

Ілмектер: ізгі, кісі, тізгін

Арпа берген кісіден есек қашпайды.

Ілмектер: арпа, есек, кісі