Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (7)

Көрген, көргенін істейді
Көсеу түрткенін істейді.

Ілмектер: көру, істеу

Құлақ есіткенді көз көреді.

Ілмектер: құлақ, көз, есту, көру

Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.

Ілмектер: жүру, көру, пейіл, ынсап

Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.

Ілмектер: жек, көру, жақсы көру, жұмыс, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Соқыр көргенінен жазбас.

Ілмектер: соқыр, көру

Көп жасаған не білер,
Көп көрген сол білер.

Ілмектер: көру, білу

Сезген емес, көргеніңді айт,
Естіген емес, білгеніңді айт.

Ілмектер: сезу, көру

Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.

Ілмектер: ашу, білім, көру

Өзіңді көрмей,
Етігіңді шешпе,
Етегіңді түрме.

Ілмектер: етік, етек, көру

Көп жасаған көп білмейді,
Көп кезген көп біледі.

Ілмектер: білу, көру, кезу

Білгеннен көргенің көп,
Көргеннен көрмегенің көп.

Ілмектер: білу, көру