Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (48)

Сараңның өз малы өзіне бұйырмас.

Ілмектер: сараң, мал

Мал кедейлігінен, ақыл кедейлігі жаман.

Ілмектер: мал, кедей, ақыл

Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Ілмектер: адам, сөз, мал, шөп

Тымырық болса ер оңбас,
Тоңға жатса мал оңбас.

Ілмектер: ер, мал

Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.

Ілмектер: мал, қыс, жаз, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.

Ілмектер: бай, мал, бала, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Малдан жарлы қалсаң қал, ақылдан жарлы қалма.

Ілмектер: мал, жарлы, ақыл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Құдай малыңды алса да бейіліңді алмасын.

Ілмектер: құдай, мал

Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық.

Ілмектер: мал, дүние

Есің барда, етек жап.
Қайратың барда, мал тап.

Ілмектер: ес, қайрат, мал

Байдың малы қадірлі,
Жарлының жаны қадірлі.

Ілмектер: бай, мал, жарлы, қадірлі

Ағайын - ащы,
Мал -тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы

Қаратаудай мал жиса да кісі көзі тоймайды.

Ілмектер: қанағатсыздық, Қаратау, мал, көз

Мал баққандікі, жер жыртқандікі.

Ілмектер: мал, жер

Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.

Ілмектер: мал, жан, ар

Мал баққан қошқардың жайын біледі.

Ілмектер: мал, қошқар

Малдымен алыспа, күштімен күреспе.

Ілмектер: мал, күресу

Түстік ғұмырың болса, кештік мал жи.

Ілмектер: ғұмыр, өмір, кеш, түс, мал

Шаруаға сыйлы қоныс,
Малға жайлы қоныс.

Ілмектер: шаруа, қоныс, мал

Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы.

Ілмектер: бас, мал, қайғы