Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (48)

Ат жалдыға, кеп малды да.

Ілмектер: ат, мал

Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, өгіз, ат, мал, өлім, ысқат

Атаның малын жау шапса, бірге шап.

Ілмектер: ата, мал, жау

Бай қайырлы болмаса,
Бар малынан айрылар.
Мал бетіне қараған
Жарынан айрылар.

Ілмектер: бай, қайыр, байлық, мал, жар

Байды мал басар,
Жарлыны бала басар.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, бала, мал

Байдың малы теңіз,
Ептеп жемеген доңыз.

Ілмектер: бай, мал, теңіз, байлық, доңыз

Байдың мың қойының ішінде
Жарлының жалғыз қара тоқтысын көреді.

Ілмектер: бай, мал, кедей, жарлы, тоқты, қара

Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.

Ілмектер: хан, би, мал, үй

Бие бауға, түйе тауға.

Ілмектер: төрт түлік мал, төрт түлік, мал, бие, тау, түйе, бау

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

Ілмектер: жүз, орта жүз, кіші жүз, ұлы жүз, дау, жау, найза, мал

Атаңнан мал қалғанша.
Тал қалсын.

Ілмектер: ата, мал, тал

Күн күркіресе, жерге абыйыр,
Жер иісе, малға абыйыр.

Ілмектер: күн, жер, мал, абыйыр

Бөтен кісінің малы мал болмайды.

Ілмектер: мал, бөтен, кісі

Білім — малы жоққа түгесілмес мал,
Қаржысы жоққа — таусылмас қаржы.

Ілмектер: мал, білім, қаржы

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Ілмектер: ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал

Жылқы атасы — Қамбар ата,
Сиыр атасы — Зеңгі баба,
Түйе атасы — Ойсыл қара,
Қой атасы — Шопан ата,
Ешкінің иесі — Сексек ата.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, төрт түлік пірлері, Төрт түлік, мал, Жылқы атасы, Сиыр атасы, Түйе атасы, Қой атасы, Ешкі атасы

Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.

Ілмектер: жер, мал