Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (13)

Ат мінбей,
Атыңды мақтама,
Жыл тұрмай,
Қатыныңды мақтама.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, мақтау, қатын

Орынсыз мақтау
Орға жығады.

Ілмектер: мақтау

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала қаз көлін мақтайды,
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихангер жерін мақтайды.

Ілмектер: мақтау

Өзін өзі мақтаған —
Өлімнің қара басы.

Ілмектер: мақтау, тәрбие, өнеге

Жаураған үйде қалған тонын мақтайды,
Адасқан жоғалтып алған жолын мақтайды.

Ілмектер: тәрбие, мақтау, өнеге

Ескерген — ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды.

Ілмектер: мақтау, ел

Сыртынан мақтаған — сыпайылық,
Көзінше мақтанған — көргенсіздік.

Ілмектер: мақтау

Күмісші оқасын мақтар.

Ілмектер: күмісші, оқа, мақтау

Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.

Ілмектер: мақтау, сый, құрмет

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)