http://a-brands.kz/

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (11)

Бірдің кесірі мыңға тиеді.

Ілмектер: кесір, бір, мың, еңбек, байлық

Мыңнан жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.

Ілмектер: мың, жүз, туыс, есім

Бірдің кесапаты - мыңға, мыңдікі - түменге.

Ілмектер: кесапат, мың, түмен

Шындық – жалғыз,
Сұмдық – мың.

Ілмектер: шындық, сұмдық, жалғыз, мың, парсы мақалы

Мың кәсіпке талпынсаң,
Бір кәсіптен айрыласың.

Ілмектер: кәсіп, мың, бір, парсы мақалы

Мың істі қатар бастағаннан ақшаң көбеймейді.

Ілмектер: іс, мың, ақша, парсы мақалы

Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.

Ілмектер: кесір, мың

Жын соққаннан
Мың соққан жаман.

Ілмектер: жын, мың

Мың адам салған көпірді,
Бір адам бұзады,
Бір адамның жаққан отына,
Он адам жылынады.

Ілмектер: көпір, мың, сандар, он, бір, адамның қасиеттері, адам

Бара-бара мың болар,
Тама-тама көл болар.

Ілмектер: мың, көл

Бірдікі – мыңға,
Мыңдікі – сұмға.

Ілмектер: мың, сұм, қырғыз мақалы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)