Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (9)

Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

Ілмектер: жақсы, жаман, ұят, мұрат

Асыққан қалар ұятқа,
Сарғайған жетер мұратқа.

Ілмектер: асыққан, ұят, мұрат

Қара жерге қар жауар,
Қарды көрген бір мұрат.
Қара жерден қар кетер,
Жерді көрген бір мұрат.

Ілмектер: қар, жер, мұрат

Жаңа туған айды көрген
Бір мұрат,
Жаңа шыққан күнді көрген
Бір мұрат.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір мұрат.

Ілмектер: мұрат, гүл

Жер — өмірдің бесігі.
Еңбек — ердің несібі
Еңбек еткен —
Мұратқа жеткен.

Ілмектер: еңбек, мұрат

Алысқа сілтейтін —
Асыл — мұрат.

Ілмектер: мұрат

Іздеген мұратына жетеді.

Ілмектер: мұрат

Озған — мұрат.
Қалған — ұят.

Ілмектер: мұрат, ұят

Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.

Ілмектер: ұят, мұрат, кедейлік, байлық

Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.

Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық

Ебептен себеп, балшықтан мұрат.

Ілмектер: мұрат, нәсіп, кәсіп, еңбек

Сабыр еткен, мұратқа жеткен.

Ілмектер: сабыр, мұрат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Мұратқа жетер қорқақ жоқ.

Ілмектер: мұрат, қорқақ, парсы мақалы

Асыққан қалар ұятқа,
Асықпаған жетер мұратқа.

Ілмектер: асығыстық, мұрат, қырғыз мақалы

Ерінген қалар ұятқа,
Іздеген жетер, мұратқа.

Ілмектер: мұрат, адам

Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.

Ілмектер: мұрат, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал, ат, тай