Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (16)

Ер — намысының құлы.

Ілмектер: ер, намыс

Шөлдің қамысы болмайды.
Жаманның намысы болмайды.

Ілмектер: жаман, намыс

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.

Ілмектер: намыс, ар, жар, жігіт

Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, намыс

Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.

Ілмектер: ар, намыс, жігіт, жолдас

Жүйрік алысқа,
Жігіт намысқа шабады.

Ілмектер: жігіт, намыс

Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы.

Ілмектер: намыс, жігіт

Ер намысқа шабады,
Намысқа шапса,
Алысқа шабады.

Ілмектер: ер, намыс

Намысы бар жігіттің
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Намыспенен несі бар?

Ілмектер: намыс, жігіт

Намысы бар жігіттің
Нар күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Қай күші бар?

Ілмектер: намыс

Ит арық болса
Ауылдың намысы.

Ілмектер: ит, намыс, ауыл

Ер намысының құлы.

Ілмектер: ер, намыс, ерлік, батырлық

Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.

Ілмектер: жігіт, намыс, ар, қырғыз мақалы

Бөріктінің намысы бір.

Ілмектер: бөрік, намыс

Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.

Ілмектер: ер, аштық, намыс

Ар намыстың пəктігі -
Жан дүниенің шаттығы

Ілмектер: нақыл, намыс