Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (507) Ұлағатты сөздер (3)

Ұрының уысынан құтылып,
Қарынның қақпанына тап болды.

Ілмектер: ұры, парсы мақалы

Тары дәне түсер де жер жоқ.

Ілмектер: тары, парсы мақалы

Балығы жоқ хауызға,
Бақа ілінер ауызға.

Ілмектер: балық, бақа, парсы мақалы

Еміздікті елгезек әкетті.

Ілмектер: елгезек, парсы мақалы

Істік те күймесін,
Кәуап та күймесін.

Ілмектер: кәуап, парсы мақалы

Дана да,
Динар да шеше алмайды.

Ілмектер: дана, парсы мақалы

Бүгін – асыл,
Ертең – жасық.

Ілмектер: ертең, бүгін, асыл, парсы мақалы

Жолдасыңның қолымен жылан ұстама.

Ілмектер: жолдас, жылан, парсы мақалы

Тасты тасқа байламас.

Ілмектер: тас, парсы мақалы

Біреудің күйшілігіне қызықпай,
Өзіңнің үйшілігіңмен айналыс.

Ілмектер: қызығу, парсы мақалы

Екі қарбызды
Жалғыз қолмен көтере алмассың.

Ілмектер: қарбыз, жалғыз, қол, парсы мақалы

Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді.

Ілмектер: тыңдау, құлақ, парсы мақалы

Бір қылдан жүз арқан өседі.

Ілмектер: қыл, арқан, бір, жүз, парсы мақалы

Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.

Ілмектер: жұдырық, жер, ынтымақ, бірлік, парсы мақалы

Жона білсең –
Соға да білесің.

Ілмектер: еңбек, парсы мақалы

Бір оқпен екеуді сұлатты.

Ілмектер: оқ, парсы мақалы

Шаршы орамал үшін
Шар тараптан жиналған.

Ілмектер: орамал, парсы мақалы

Күні тайғанның дұшпаны қырағы.

Ілмектер: күн, дұшпан, парсы мақалы

Желмен келген,
Желмен кетеді.

Ілмектер: жел, парсы мақалы

Табылмай жатып жоғалған,
Мал құралмас оңайдан.

Ілмектер: мал, парсы мақалы, жоғалу