Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (7)

Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.

Ілмектер: мақал, сақал, көрік, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Сабасына қарай піспегі,
Сақалына қарай іскегі.

Ілмектер: сәйкестік, саба, сақал

Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.

Ілмектер: мұрт, өкпе, сақал

Әркімнің ойы – атағы,
Көсенің ойы – сақалы.

Ілмектер: ой, сақал, парсы мақалы

Ұрының сақалында сабан салбырайды.

Ілмектер: ұры, сақал, сабан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.

Ілмектер: базар, сақал, көрік, қырғыз мақалы

Бояушыны бояушы дегенде сақалын бояйды.

Ілмектер: сақал, бояу