Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (57) Ұлағатты сөздер (9)

Күрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман.

Ілмектер: жау, жаман, сақтық, қырағылық

Ұйқы өліммен тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, сақтық, қырағылық

Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, сақтық, қырағылық

Ордалы жыланмен ойнама.

Ілмектер: орда, жылан, сақтық, қырағылық

Сақтанған саламатқа жеткен.

Ілмектер: сақтық, саламат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Сақтансаң, құдай сақтар.

Ілмектер: сақтық

Иесі лайық тап болса,
Қара күшік сақ болар.

Ілмектер: сақтық, күшік, қырғыз мақалы

Құдай баққанды,
Құдай сақтайды.

Ілмектер: сақтық

Аузы күйген үрлеп ішеді.

Ілмектер: ауыз, сақтық, қырағылық

Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.

Ілмектер: сақтық, су, от

Әр істе сақтық керек.

Ілмектер: сақтық

Болма босаң, сақта сақтық іргесін,
Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.

Ілмектер: сақтық

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Ілмектер: сақтық, жау, бөрі

Сақ жүрсең, сау жүрерсің.

Ілмектер: сақтық

Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.

Ілмектер: жау, сақтық

Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.

Ілмектер: күн, сақтық, қырағылық

Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.

Ілмектер: өмір, бал, ара, сақтық