Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (20) Өлеңдер (2) Жоспарлар (20) Мақал-мәтелдер (163) Ұлағатты сөздер (23) Әзіл, анекдоттар (1)

Судың да сұрауы бар.

Ілмектер: су

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Ілмектер: су

Сыйласқанның суын іш.

Ілмектер: сыйластық, су

Сыйлап берсе суын іш.

Ілмектер: су, сыйластық

Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Ілмектер: еңбек, су

Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.

Ілмектер: жақсы, жаман, су, шөл

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, азамат

От — арық, су — семіз.

Ілмектер: от, су

Сылдырсыз аққан судан без.

Ілмектер: су, сылдыр

Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.

Ілмектер: су, жер, шөп

Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

Ілмектер: су

Сұмырай келсе су құрыр.

Ілмектер: су

Су сүреңін табады.

Ілмектер: су

Жайдақ су жай ағады.

Ілмектер: су

Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жоқ, тас, су, там

Жүре-жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Ілмектер: еңбек, су, егіншілік

Сөз сағасы —
Құлақ,
Су сағасы —
Бұлақ.

Ілмектер: су

Су ішетін арығы жоқ елдің
Сүзіп алатын балығы жоқ.

Ілмектер: су

Таза болсаң, судай бол
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрімізді өсірген.

Ілмектер: су, жер, таза

Жаман сайдың суы тасыса
Өткел бермес.

Ілмектер: су


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)