Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (2)

Ойшы ой ойлағанша, тентек ісін бітірер.

Ілмектер: ойшы, тентек

Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды

Бала тентек болатыны — үйінен,
Ердің тентек болатыны — биінен.

Ілмектер: бала, ер, тентек, үй

Тентек отты тебемдеп,
Аяғын күйдіреді.
Ділмәр шындықты жеңем деп,
Тілін күйдіреді.

Ілмектер: тентек, тіл

Тентек - жұртқа теріс,
Өзінде дұрыс.

Ілмектер: тентек

Екі тентек қосылса
Жаудай болар.
Екі мақұл қосылса
Таудай болар.

Ілмектер: тентек, мінез-құлық

Тентекке — келтек.

Ілмектер: тентек

Тентек баланы теке сүзеді.

Ілмектер: тентек, бала

Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.

Ілмектер: тентек, бөрік, қазан, мақтану

Тентек шоқпар жинар.

Ілмектер: тентек, шоқпар

Тентек — жұртқа теріс, өзіне дұрыс.

Ілмектер: тентек, жұрт, тәлім, тағлым, тәрбие

Ұлың тентек те болса зор болсын.

Ілмектер: ұл, тентек

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды, талас, жау, тау

Аңғырт ойын бұзар, тентек жиын бұзар.

Ілмектер: аңғырт, тентек, жиын

Батырдың бір ісі тентек,
Қорқақтың екі ісі тентек.

Ілмектер: батыр, тентек, іс, қорқақ

Екі мылжың кездессе, әңгіме ұзарады,
Екі тентек кездессе, шеке қызарады.

Ілмектер: мылжың, тентек, әңгіме, пендешілік

Ақылды ой ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.

Ілмектер: ақылды, ой, тентек, іс