Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (2)

Тұзсыз тамақ піссе де,
Тұздықсыз тамақ піспейді.

Ілмектер: ас, тамақ, тұз

Шаш — бастың көркі
Тұз — астың көркі.

Ілмектер: тұз, ас

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?!

Ілмектер: қыз, тұз

Қызды сөкпе,
Тұзды төкпе.

Ілмектер: қыз, тұз

Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

Ілмектер: ас, дәм, қыз, тұз

Жоққа тұз да қат.

Ілмектер: жоқшылық, кедей, Кедейлік, тұз

Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: ұят, тұз, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.

Ілмектер: татулық, ащы, бал, тұз

Еңбегі ештің, тұзы сор.

Ілмектер: еңбек, сор, тұз

Тұзсыз нан – күшсіз.

Ілмектер: тұз, нан, парсы мақалы

Тұзы көп те емес,
Жоқ та емес.

Ілмектер: тұз, парсы мақалы

Тұзын татсаң,
Тұз салғышты сындырма.

Ілмектер: тұз, парсы мақалы

Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: әйел, ұят, ас, тұз

Тамақ табағымен емес, тұзымен дәмді.

Ілмектер: тамақ, табақ, тұз

Астың тұзын татқан біледі.

Ілмектер: ас, тұз, тағам, тамақ

Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?

Ілмектер: май, тұз, қырғыз мақалы, ас, тағам

Келтірсе тамақтың тұз дәмін қалай,
Келтірер сөздің әзіл сәнін солай.

Ілмектер: тамақ, тұз, сөз, әзіл, тәжік мақалы

Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.

Ілмектер: су, өмір, тұз, ас

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)