Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (151) Өлеңдер (7) Жоспарлар (45) Мақал-мәтелдер (236) Ұлағатты сөздер (132) Әзіл, анекдоттар (1)

Жердің үстімен барып,
Астымен қайтыпты.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жөн білмеген ағалар:
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.

Ілмектер: аға, туыс, тәрбие, өнеге

Ағасына қарай інісі,
Апасына қарай сіңлісі.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жер басқанға мәз болма,
Жерде ізің қалмаса.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Елгезек екі айттырмас.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Желге желіндеген
Мұзға бұзаулайды.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Пенде пейілінен табар.

Ілмектер: пенде, тәрбие, өнеге

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.

Ілмектер: тәрбие, өнеге, қарғыс

Мал жан үшін керек,
Жан ар үшін керек.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Қуды қу табады,
Шұқанақты су табады.

Ілмектер: қу, тәрбие, өнеге

Өзіңді зор тұтпа,
Өзгені қор тұтпа.

Ілмектер: тәрбие, мінез-құлық

Сараңдықтың соңы —
Арамдық.

Ілмектер: арамдық, тәрбие, өнеге

Өзінің қисықтығын білмеген
Өзгенің түзулігін білмейді.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жығылмай, жыламай бала өспейді,
Қарамай, сыламай тал өспейді.

Ілмектер: бала, тәрбие, өнеге

Әркім сыйласқанның құлы.

Ілмектер: сыйластық, өнеге, тәрбие

Көп қараған табады,
Көп үрлеген жағады.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Біреу бетінен жазады,
Біреу ниетінен жазады.

Ілмектер: тәрбие, өнеге, ниет

Ант бұзған оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.

Ілмектер: ант, салт, өнеге, тәрбие

Көз көрсе, жүз ұялады.

Ілмектер: ұят, өнеге, тәрбие

Өз ағасын ағалаған —
Қолда барды бағалаған.

Ілмектер: аға, тәрбие, өнеге