Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (21) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (46)

Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың, қатты айтсаң қатыныңа жақпайсың

Ілмектер: шындық, әділдік

Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.

Ілмектер: шындық

Сөз шындықты табар.

Ілмектер: сөз, шындық, тіл

Шындықтың шырқы бұзылмас,
Өтіріктің өрмегі жиылмас.

Ілмектер: өтірік, шындық

Шындық бар жерде
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.

Ілмектер: шындық, өтірік

Шындық жоқ жерде
Сұмдық көп.

Ілмектер: шындық

Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.

Ілмектер: өтірік, шындық

Шындықтың шырағы сөнбейді.

Ілмектер: шындық

Шындық — қамал бұзар.

Ілмектер: шындық

Шын сақыға жолықсаң,
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Шындық үшін жан берер.

Ілмектер: шындық, батыр

Шындықтан зор палуан жоқ:
Ол жауды да жығады,
Қамалды да бұзады.

Ілмектер: жау, шындық

Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.

Ілмектер: өтірік, шындық, норвегия халқының мақалы

Атқан жерде оқ қалар.

Ілмектер: оқ, шындық

Көп қайда болса, шындық сонда.

Ілмектер: шындық, көпшілік

Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.

Ілмектер: өтірік, шындық, сөз

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?

Ілмектер: шындық, өтірік, әке, өлім

Өтірік - ұят, шын — мұят.

Ілмектер: өтірік, ұят, шын, шындық

Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.

Ілмектер: өтірік, шын, шындық

Өтірік екеу, шын төртеу.

Ілмектер: өтірік, шын, шындық

Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында.

Ілмектер: өтірік, мағына, шын, шындық