Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (28) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (93)

Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.

Ілмектер: өтірік, рас, шындық, пайда, залал

Өтіріктің де шындайы бар.

Ілмектер: өтірік, шындық

Шындық – жалғыз,
Сұмдық – мың.

Ілмектер: шындық, сұмдық, жалғыз, мың, парсы мақалы

Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар.

Ілмектер: ақымақ, сыр, шындық

Шешендік күш - шындық.

Ілмектер: шындық, шешен

Ащы болса да,
Ашық айт.

Ілмектер: ащы, шындық, парсы мақалы

Шындықтан өтірікке дейін төрт-ақ елі.

Ілмектер: шындық, өтірік, парсы мақалы

Шындық семсерден де өткір.

Ілмектер: шындық, семсер, парсы мақалы

Шындыққа сұмдық жоламас.

Ілмектер: шындық, сұмдық, парсы мақалы

Шын шындығына жетеді.

Ілмектер: шын, шындық, парсы мақалы

Ақиқат – шындық.

Ілмектер: Ақиқат, шындық, парсы мақалы

Өтірікті шындай айтса,
Шындық шырқырап шығады.

Ілмектер: өтірік, шындық, қырғыз мақалы

Өтірік айтып жағынғанша,
Шыныңды айтып жалын.

Ілмектер: өтірік, шын, шындық

Шындыққа өлім жоқ.

Ілмектер: шындық

Жіп түйінсіз байланбас,
Сөз шындықсыз бәйгі алмас.

Ілмектер: тува мақалы, сөз, шындық

Бүлікке бастар шындықтан,
Салиқалы өтірік артық.

Ілмектер: бүлік, шындық, өтірік

Шындық бар жерде
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.

Ілмектер: шындық, өтірік