Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (16)

Ынтымақ - оқ өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Ілмектер: ынтымақ, сауыт, татулық, бірлік

Ұрыстың арты — реніш,
Татулықтың арты — кеніш.

Ілмектер: ынтымақ

Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

Ілмектер: ағайын, ынтымақ

Бұрынғылар өтіпті,
Бәрін айтып ниетін
Ынтымаққа жетіпті.

Ілмектер: ынтымақ, ниет

Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Ауыл болса — қауым бол.

Ілмектер: ынтымақ

Теңге - тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.

Ілмектер: ақша, теңге, ынтымақ, бірлік

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Ілмектер: абырой, жіп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.

Ілмектер: ынтымақ

Дәулетіне қарай сәулеті.

Ілмектер: дәулет, ынтымақ

Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

Ілмектер: ынтымақ, ырыс

Ырыс алды - ынтымақ.

Ілмектер: ынтымақ