Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (20) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (31)

Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.

Ілмектер: адам, мінез, жақсы, сөз, қарттық

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Ілмектер: адам, асыл, қарттық

Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.

Ілмектер: ақылсыз, қарт, өкініш, қарттық, есті, қайғы

Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.

Ілмектер: қарттық, есек, жігіт, төсек

Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр,
Өміріңше оны тіпті ренжітпе.

Ілмектер: әке, өмір, қарттық, қадірлеу, ренжіту

Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.

Ілмектер: бөрі, қарттық, қой, әл, күш, төрт түлік мал, жануарлар туралы мақал

Бүркіт қартайса, тышқан аулар.

Ілмектер: бүркіт, қарттық, тышқан

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.

Ілмектер: бүркіт, қарттық, тышқан, құл, құдық, қармақ