Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (28) Ұлағатты сөздер (11)

Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.

Ілмектер: жақсы, жаман, қарт

Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.

Ілмектер: қарт, қария

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Ілмектер: қарт, кемпір, кәрілік, жұрт

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Ілмектер: қарт, жас, қарттық, кәрілік

Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.

Ілмектер: қарт, кәрілік, қарттық

Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.

Ілмектер: қарт, қыз

Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін.

Ілмектер: шал, кәрілік, қарт, қарттық

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Ілмектер: бала, шал, кәрілік, қарт

Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

Ілмектер: жас, кәрі, қарт, қарттық

Шалға қарттық,
Жігітке жастық жарасады.

Ілмектер: жігіт, шал, қарт, адам

Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.

Ілмектер: жас, қарт, тәрбие, өнеге

Қартайған ата марқаяр —
Қанатын жазып қызы өссе,
Қартайған ата марқаяр —
Халыққа жағып ұлы өссе.

Ілмектер: халық, қарт

Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.

Ілмектер: қарт, жас, ас, іс

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: қарт, хат, отбасы, туыс, жанұя

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, дана, бала

Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, хат

Қарттар сөзі бекер кетпейді,
Шыбық ексең – бақ үзілмейді.

Ілмектер: қарт, сөз, бақ, шыбық

Қарт кебінін қапта сақта,
Өлігін апта сақта.

Ілмектер: қарт, өлік, қырғыз мақалы

Қарты бар үйдің құты бар.

Ілмектер: қарт, құт, үй, өмір, адам

Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың.

Ілмектер: қадірлеу, қарт