Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (4) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (2)

Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.

Ілмектер: ақыл, көз, құлақ

Есіткен құлақта жазық жоқ

Ілмектер: құлақ, жазық, дәуір

Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.

Ілмектер: құлақ, тіл

Құлақ есіткенді көз көреді.

Ілмектер: құлақ, көз, есту, көру

Сөз ауыздан кірмейді,
Құлақтан кіреді
Құлағың керең болса
Қаяқтан кіреді?

Ілмектер: сөз, ауыз, құлақ

Бас – кемеңгер,
Жүрек – ер,
Құлақ – бұлақ,
Аяқ – пырақ,
Қол – мұрап,
Тіл – тілмаш,
Кілтін тап та сырын аш.

Ілмектер: амалын табу, дене мүшелері, тіл, бас, жүрек, құлақ

Құлақтан кірген суық сөз,
Көңілге барып мұз болар.

Ілмектер: құлақ, сөз, көңіл, мұз

Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.

Ілмектер: адам, құлақ, семіру, көңіл

Естіген құлаққа жазық жоқ.

Ілмектер: құлақ, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.

Ілмектер: көз, құлақ, білім, ілім

Айт сөзді ұққанға,
Айтып айтпа құлағына мақта тыққанға.

Ілмектер: сөз, құлақ, мақта

Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.

Ілмектер: су, ана, бұлақ, құлақ, ие

Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.

Ілмектер: тыңдац, құлақ, су, гүл

Қабырғада ін бар —
Не құлақ, не тіл бар.

Ілмектер: қабырға, құлақ, тіл, парсы мақалы

Саусағы ұзын - биші болар,
Құлағы үлкен - күйші болар.

Ілмектер: биші, күйші, өнер, саусақ, құлақ

Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді.

Ілмектер: тыңдау, құлақ, парсы мақалы

Естіген құлақтан,
Көрген көз артық.

Ілмектер: құлақ, көз, парсы мақалы

Құлағын салып,
Басын ұтқызды.

Ілмектер: құлақ, бас, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қабырғада да құлақ бар.

Ілмектер: қабырға, құлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бір құлағынан кіреді,
Екіншісінен шығады.

Ілмектер: құлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)