Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (55) Мақал-мәтелдер (110) Ұлағатты сөздер (18)

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.

Ілмектер: ағаш, құс, көрік, әйел

Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.

Ілмектер: құс, жол, өтірік, сөз

Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.

Ілмектер: құс, адам

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

Ілмектер: құс

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

Ілмектер: құс

Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, қоян, қасқыр