Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (11)

Әдеттің озығы бар,
Тозығы бар.

Ілмектер: әдет, өнеге, тәрбие

Тәлімі жоқ бозбала,
Есер емей немене.
Етек басты ескі әдет,
Кесел емей немене.

Ілмектер: тәрбие, әдет

Аурудан әдет жаман.

Ілмектер: ауру, әдет, жаман

Рима басты әдетке,
Біз – мисыз одан дәметкен.

Ілмектер: Араб мақал-мәтелдері, әдет

Ауру қалады, әдет қалмайды.

Ілмектер: ауру, әдет, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Әдетке ауру себеп.

Ілмектер: әдет, ауру, себеп, парсы мақалы

Бір еңбек еткен, екі етеді,
Екі еткен әдет етеді.

Ілмектер: еңбек, әдет

Әдет,
Әдет түбі әдет.

Ілмектер: әдет, парсы мақалы

Әдет - әдет емес, жөн әдет.

Ілмектер: әдет

Адам — әдет құлы.

Ілмектер: адам, әдет, құл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жаман әдеттен тиюға,
Жақсы әдетті аяма.

Ілмектер: жақсы, жаман, әдет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қала құлар,
Әдет қалар.

Ілмектер: әдет, қала

Ел өзгерсе де, әдет өзгермейді.

Ілмектер: ел, әдет

Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.

Ілмектер: Әдет, қазақ мақалы

Ауру жазылып қалады, әдет қалмайды.

Ілмектер: ауру, әдет

Ауру кетсе де, әдет кетпейді.

Ілмектер: ауру, әдет

Әкім өзгерсе де, әдет өзгермейді.

Ілмектер: әкім, әдет

Байлық — басқа машақат,
Ашкөздік — жаман әдет, серті қатты,
Өкініш артында оның қайғы жатты.
Бай болу, кедей болу — тағдыр ісі,
Мал іздеу — ерге әшейін машақат-ты.

Ілмектер: байлық, машақат, ашкөздік, әдет, жаман, қайғы, өкініш, кедей, бай, тағдыр

Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі,
Білімдіге тиер орын төрдегі.

Ілмектер: әдет, төр, білім