Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (105) Өлеңдер (185) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (7)

Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.

Ілмектер: әке, шеше, қыз, ұл

Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді.

Ілмектер: жақсы, әке, ана

Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.

Ілмектер: әке

Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.

Ілмектер: әке, жақсылық

Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.

Ілмектер: әке, ұл, ана, қыз

Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: әке, бала, қадір

Сайына қарай — саласы,
Әкесіне қарай — баласы.

Ілмектер: әке, бала

Әкеге баланың алалығы жоқ.

Ілмектер: әке, бала

Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Ілмектер: әке, іні, ырыс, тыныс

Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.

Ілмектер: әке, ер, шеше, ана, қыз, сөйлеу

Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.

Ілмектер: бала, әке, таяқ

Әкемнің өлерін білсем.
Өнерін сатпас па едім.

Ілмектер: әке, өнер, қол өнері

Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.

Ілмектер: жақсы, жаман, әке, бала

Әкесі өлгенді де естіртеді.

Ілмектер: әке, өлім, естірту

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?

Ілмектер: шындық, өтірік, әке, өлім

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

Ілмектер: әке, бала, құрдас, туыс

Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.

Ілмектер: ақымақ, дос, әке

Адал туған бала –
Әкесіне пана.

Ілмектер: адал, бала, пана, әке, парсы мақалы

Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.

Ілмектер: әке, әйел, ақша

Жетесіз ұл әкесіне тіл тигізеді.

Ілмектер: жетесіз, ұл, әке, тіл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы