Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (467) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (580) Әзіл, анекдоттар (4)

Сасқанда сақалыңды таба алмассың.

Ілмектер: сасқалақтау, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жастық - мастық.

Ілмектер: жастық шақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өзің жығылсаң өкінбе.

Ілмектер: өкіну, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өзінің кетпендей мінін көрмей,
Біреудің инедей мінін көреді.

Ілмектер: мін, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ер - бас,
Қатын - мойын.

Ілмектер: ер, әйел, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, сиыр, айран

Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.

Ілмектер: бала, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жаман шоқпар жинар.

Ілмектер: шоқпар, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.

Ілмектер: жаман, еркек.әйел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.

Ілмектер: шапан, үй, той, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.

Ілмектер: көл, бақа, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.

Ілмектер: тоқал, бәйбіше, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.

Ілмектер: дау, жау, қатын, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па.

Ілмектер: аға, ұл, ханым, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жарың - жан жолдасың.

Ілмектер: жар, жолдас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.

Ілмектер: ырыс, ұрыс, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: ұят, тұз, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.

Ілмектер: қатын, ұрыс, ұрлық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

Ілмектер: амандық, ата, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.

Ілмектер: жақсы, бала, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Пікірлер