Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (9)

Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.

Ілмектер: өсек

Өсекші мен өтірікші — егіз.

Ілмектер: өсек

Тырс-тырс еткен тамшы
Тасты теседі.
Былш-былш еткен өсек
Басты кеседі.

Ілмектер: өсек, тамшы

Өсекші жоқта, өкпелесу де жоқ.

Ілмектер: өсек

Өсекші ауыз жыбырламай тұрмас.

Ілмектер: өсек, өсекші.ауыз

Өсекке кірмесе, есепке кірмес.

Ілмектер: өсек, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өсекке кіріспе, есепке кіріс.

Ілмектер: өсек, есеп

Мінгені есек,
Айдағаны өсек,
Тұлабойы есеп.

Ілмектер: есек, өсек, есеп

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Ілмектер: қылыш, тән, өсек, жаралау, ауған мақалы

Өсекшінің беті ешқашанда ағармас.

Ілмектер: өсекші, бет, өсек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Өсектен адам өртенген.

Ілмектер: өсек

Бір күн өсек естімесе құлағы тарс бітеледі.

Ілмектер: өсек, құлақ, қырғыз мақалы

Ескі мешітке көкек азаншы,
Есі кеткенге өсек азаншы.

Ілмектер: мешіт, азан, өсек, қырғыз мақалы

Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады.

Ілмектер: өсек, сөз, адал, айтысу

Бар бақытты сақта, өсектен жұтатар,
Ол кіріссе, жоқтан отты тұтатар.

Ілмектер: бақыт, өсек, от

Берекесі кеткен ауылдың
Айтқаны өсек болар,
Аңдығаны төсек болар,
Берекесі кірген ауылдың:
Айналдырғаны шаруа болар.
Еккені тары, жегені жарма болар.

Ілмектер: өсек, ауыл, егіншілік