Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (56) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (3)

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Ілмектер: жаңбыр, бұлт

Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.

Ілмектер: сәуір, жаңбыр

Дауылдың алды — жел,
Жаңбырдың арты — сел.

Ілмектер: дауыл, сел, жаңбыр

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Ілмектер: жаңбыр, жігіт

Жақсының сөзі —
Жырмен тең,
Жаздағы жаңбыр
Нұрмен тең.

Ілмектер: жақсы, сөз, жаз, жаңбыр

Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.

Ілмектер: құс, бала, жаңбыр

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.

Ілмектер: қыс, жаз, қар, жаңбыр, нұр

Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер.

Ілмектер: жаңбыр, ел, еңбек

Жаңбырдың басы – тамшы, арты – қамшы.

Ілмектер: жаңбыр, тамшы, Араб мақал-мәтелдері

Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.

Ілмектер: іс, білім, жаңбыр, бұлт

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.

Ілмектер: торғай, жаңбыр, бұршақ, отбасы, туыс, жанұя

Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды.

Ілмектер: жаңбыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жарлы

Жамаулы киім де жаңбырға жарайды.

Ілмектер: киім, жаңбыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жамау

Жаңбырдан қашқан
Бұршаққа кез болар.

Ілмектер: жаңбыр, бұршақ

Жаңбыр өзін селге санайды,
Құдық өзін көлге санайды.

Ілмектер: жаңбыр, құдық

Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.

Ілмектер: жаңбыр, ағаш, терек, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ел көгерер.

Ілмектер: жаңбыр, бата