Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Ілмектер: тіл, сөз

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

Ілмектер: сөз, қазақ мақалы

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

Ілмектер: тіл, сөз

Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.

Ілмектер: мал, қазақ мақалы, сөз

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Ілмектер: жақсы, адам, сөз, ырыс

Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.

Ілмектер: жақсы, сөз

Өтірік сөз жанға қас.
Өткір пышақ қынға қас.

Ілмектер: өтірік, сөз

Милауға сөз ұқтырудан
Бураны кезіктіру оңай.

Ілмектер: сөз, ұқтыру, ақымақ

Ер қанаты — ат,
Сөз қанаты — хат.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, сөз

Сөзі көп те, мәні жоқ,
Сабаны көп те, дәні жоқ.

Ілмектер: егіншілік, көп, сөз

Жақсының сөзі —
Жырмен тең,
Жаздағы жаңбыр
Нұрмен тең.

Ілмектер: жақсы, сөз, жаз, жаңбыр

Сөзі — аз,
Ісі — саз.

Ілмектер: сөз, іс

Сөзге көп — іске жоқ.

Ілмектер: сөз

Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.

Ілмектер: келін, бала, сөз

Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.

Ілмектер: қол өнер, сөз, өнер

Сөйлей білмеген,
Сөзді қор етер.
Тіге білмеген,
Бөзді қор етер.

Ілмектер: сөз, өнер, қол өнері

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Ілмектер: сөз, тіл

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Ілмектер: сөз, тіл

Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.

Ілмектер: сөз, тіл

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Ілмектер: күміс, алтын, сөз, тіл