Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (16)

Қонақ қолын тигізбеген ас арам.

Ілмектер: қонақ, ас, арам

Сығырдың ақысын сараң жейді,
Сараң болмаса, арам жейді.

Ілмектер: сараң, арам

Адал кісі арымас,
Арам кісі жарымас.

Ілмектер: арам, адал, адам

Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.

Ілмектер: арам, адам

Арам — ауыр,
Ақ — жеңіл.

Ілмектер: арам, мінез-құлық

Арамды құдай табады,
Момынды қайыр табады.

Ілмектер: арам, момын, құдай, қайыр

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Ілмектер: нәсіп, арам, адал, ешкі, түйе

Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, арам

Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, арам, арамдық

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Ілмектер: ел, арам, қу, еңбек, адал

Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Ілмектер: адал, еңбек, арам

Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Ілмектер: адал, еңбек, арам

Иесі арам болса,
Биесі шабан болады.

Ілмектер: арам, ие, қырғыз мақалы

Ауылды алалық бұзады,
Араны арамдық бұзады.

Ілмектер: ауыл, арам, қырғыз мақалы

Арам тамақ ас болмайды.

Ілмектер: тамақ, ас, арам, қырғыз мақалы

Ала жылқы жоғалмас,
Арамза жан оңалмас.

Ілмектер: арам, арамдық, адам, жылқы, төрт түлік мал, қырғыз мақалы

Адалға есеп, арамға да сұрау бар...

Ілмектер: адал, арам, сұрау, есеп

Арам ас түскен іш жазылмайды.

Ілмектер: арам, ас, іш, денсаулық

Арам малдың арты — азап.

Ілмектер: арам, мал, азап

Арам молда аңқау елді алдап жер.

Ілмектер: арам, молда, ел, алдау