Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (123) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (64) Әзіл, анекдоттар (1)

Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ

Ілмектер: арман

Арман — адамға қанат.

Ілмектер: адам, арман

Армансыз адам — алысқа бармас.

Ілмектер: арман, адам

Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты.

Ілмектер: адам, арман

Желі тұрған оңынан.
Жеті өзеннен өтеді,
Жеті таудан өтеді,
Арманына жетеді.

Ілмектер: арман, адам

Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.

Ілмектер: арман, мінез-құлық

Арманы жоқ жас —
Қанатсыз қарлығаш.

Ілмектер: арман

Ақылы жоқтың — арманы жоқ.

Ілмектер: арман, ақыл

Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.

Ілмектер: ер, қыз, арман

Арманымен — ер сұлу,
Орманымен — жер сұлу.

Ілмектер: арман, ер

Көппен көргеннің арманы жоқ.

Ілмектер: ел, халық, арман

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, пейіл, ынсап, күн, арман, пәрмен

Қол - қысқа,
Ой - ұзын,
Арман - биік.

Ілмектер: қол, арман, ой, қысқа, ұзын

Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.

Ілмектер: аз, көп, арман

Арман адамға қанат.

Ілмектер: арман, адам, қанат

Адамды арман қосады,
Алғашқы дәрмен қосады.

Ілмектер: адам, арман, дәрмен

Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды.

Ілмектер: адам, арман

Ақыл мен білім арманыңды іске асырады.

Ілмектер: ақыл, білім, арман

Аман адам амалымен пәрменді,
Өткереді талай мақсат, арманды.

Ілмектер: амал, мақсат, арман

Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.

Ілмектер: жаман, ат, арман, бала, пәрмен, өмір