Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (32) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (4)

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Ілмектер: аспан

Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.

Ілмектер: аспан

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Ілмектер: аспан, оқ, сақтық, қырағылық

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Ілмектер: жер, аспан, төсек, көрпе, парсы мақалы

Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.

Ілмектер: аспан, арқан, парсы мақалы

Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.

Ілмектер: жер, жұмыртқа, құс, аспан, қырғыз мақалы

Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.

Ілмектер: аспан, тас, тақия, темір, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.

Ілмектер: аспан, киіз, құл, ұлтарақ

Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.

Ілмектер: аспан, су, тал, ағаш, жеміс

Аспаннан не түспейді,
Жер нені көтермейді.

Ілмектер: аспан, жер

Ат аспаннан, нұр пейіштен (ұжмақтан).

Ілмектер: ат, аспан, нұр

Ауырғанның бәрі өле берсе,
Аспан асты бос қалар.

Ілмектер: ауру, аспан

Әділ заң — аспан тірегі.

Ілмектер: әділ, заң, аспан, тірек

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ілмектер: ізгілік, білім, аспан, жол

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.

Ілмектер: аспан, ай, күн, ел, жер, әкім

Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.

Ілмектер: сөз, аспан, жер, білу

Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.

Ілмектер: аспан, ешкі, Араб мақал-мәтелдері

Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.

Ілмектер: арқа, ақыл, аспан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы