Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (6)

Асылдың сынығы —
Айдынның тұнығы.

Ілмектер: асыл, жақсы

Асыл тастан, ақыл - жастан.

Ілмектер: асыл, тас, жас, ақыл

Асылдың бірі — адалдық.

Ілмектер: асыл, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, асыл, сөз, жігіт

Жақсының жақсы білер сымбатын,
Жамандар қайдан білсін асыл менен қымбатын.

Ілмектер: жақсы, жаман, асыл, сымбат, қымбат

Жасықтың көбінен де
Асылдың азы артық.

Ілмектер: жасық, асыл, аз, көп

Бүгін – асыл,
Ертең – жасық.

Ілмектер: ертең, бүгін, асыл, парсы мақалы

Дау ескірмейді,
Асыл шірімейді.

Ілмектер: дау, асыл, қырғыз мақалы

Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.

Ілмектер: асыл, тас, өнер

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Ілмектер: адам, асыл, қарттық

Ақыл аста,
Қайрат жаста,
Асыл таста.

Ілмектер: ас, ақыл, тас, қайрат, жастық шақ, асыл

Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.

Ілмектер: ақыл, асыл, бас, тас

Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, ат, қарт, асыл, тас

Асыл айнымас,
Алтын шірімес.

Ілмектер: асыл, алтын

Асыл құс аяғынан ілігер.

Ілмектер: асыл, құс

Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.

Ілмектер: асыл, би, жолдас, мұрат