Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (70) Өлеңдер (22) Жоспарлар (18) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (25)

Ата-ана балаға сөйлеуді үйретеді, бала ата-анаға аузын жабуды үйретеді.

Ілмектер: ата-ана, бала, Еврей мақалы

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ілмектер: ата-ана, ана, бала

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Ілмектер: ата-ана, ана, ауру

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Ілмектер: ата-ана, бала, келін

Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз

Ата-ананың сөзі —
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі —
Ақ дарияның өзі.

Ілмектер: сөз, ақыл, ата-ана

Бала жетесіз болса,
Ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.

Ілмектер: бала, ел, ата-ана

Қала — халқының салтанаты,
Бала — ата-ананың қолқанаты.

Ілмектер: халық, бала, ата-ана

Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.

Ілмектер: ғашық, қыран, тау, белгі, ата-ана

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз

Ата-анам бар болсын,
Ауыз-мұрны тар болсын.

Ілмектер: ата-ана

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, қадір

Ата – анадан жар жақын.

Ілмектер: ата-ана, отбасы

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, ағайын, туыс

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Ілмектер: әдеп, ата-ана, бала

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Ілмектер: ата-ана, ана, мейірім

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ілмектер: ата-ана, бала, ата