Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (40) Ұлағатты сөздер (9) Әзіл, анекдоттар (1)

Тыймаған ауызда пәле бар.

Ілмектер: пәле, ауыз, денсаулық

Сөз ауыздан кірмейді,
Құлақтан кіреді
Құлағың керең болса
Қаяқтан кіреді?

Ілмектер: сөз, ауыз, құлақ

Халық ауызына
Қақпақ қойып болмас.

Ілмектер: халық, сөз, ауыз

Көптің аузы дуалы.

Ілмектер: көп, ауыз, дуа

Аузына ие болмағанның
Қолында ұяты бар.

Ілмектер: ауыз, ұят

Ауыздан шыққан сөз алыстар.

Ілмектер: ауыз, сөз

Қолымен қосаяқ соқпайды,
Аузымен орақ орады.

Ілмектер: ауыз, еңбек, кәсіп

Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.

Ілмектер: ауыз, дұшпан, қан, сақтық, қырағылық

Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.

Ілмектер: ауыз, сыр, төр, есік, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Аузында әзілі жоқтың,
Қолында масқарасы бар.

Ілмектер: ауыз, әзіл, масқара

Қу қасық ауыз жыртады.

Ілмектер: қасық, ауыз

Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

Ілмектер: сорлы, ауыз, ас, мұрын

Аузыңды ашсаң,
Көмекейіңді жасырма.

Ілмектер: ауыз, көмекей, парсы мақалы

Сасыған ауыздан шіріген сөз шығар.

Ілмектер: сасық, ауыз, шірік, сөз

Аузың айтқанды,
Қолмен істе.

Ілмектер: ауыз, қол

Айтпас жерде ауызыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.

Ілмектер: ауыз, қол

«Алуа» деп айтқанмен,
Аузыңның дәмі кірмейді.

Ілмектер: ауыз, дәм, парсы мақалы

Қылығы жоқтың –
Аузының құлыбы жоқ.

Ілмектер: қылық, ауыз, парсы мақалы

Асамай жатып,
Аузы күйген.

Ілмектер: ауыз, парсы мақалы

Ауызға жамау жамалмас.

Ілмектер: ауыз, парсы мақалы