Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (57) Өлеңдер (39) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (3)

Бота алғанша — бата ал.

Ілмектер: бата, жан-жануар, төрт түлік мал

Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.

Ілмектер: балық, ата, бата, ит

Ақ сақалдан бата алған, құдайдың рахметіне жолығар.

Ілмектер: бата, рахмет

Қу аяққа бата тұрмас.

Ілмектер: бата, аяқ

Атын атағаның,
Батасын алғаның.

Ілмектер: бата, қырғыз мақалы

Баталы сөз - балаға азық.

Ілмектер: бата, бала, азық

Атадан бата алмай, үй болмас,
Ордадан үлгі алмай, би болмас.

Ілмектер: ата, бата, орда, би

Аздың атасы бiр,
Көптiң батасы бiр.

Ілмектер: ата, бата

Ақсақалдан бата алған,
Құдайдың рахметіне жолығар.

Ілмектер: ақсақал, бата, рахмет

Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.

Ілмектер: ата, ана, шеше, бата, қарғыс, зейін, ой

Бата алған ұл арымас,
Батасыз ұл жарымас.

Ілмектер: бата, ұл

Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.

Ілмектер: бата, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ел көгерер.

Ілмектер: жаңбыр, бата