Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (118) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (200)

Өзен ұзақ ағады
Бұлағы болса басында.
Іздеген бақыт табады
Жалықпаса жасында.

Ілмектер: бақыт

Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?!

Ілмектер: бақыт

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Ілмектер: бақыт, байлық, адам

Басқаның бейбақтығына қуанба, бақыттылығына қуан.

Ілмектер: бақыт, адам

Жақсы жұбай — жарым бақыт.

Ілмектер: отбасы, бақыт, жұбай

Бақыт кетсе басыңнан:
Әуелі досың мен құдаң кетер.
Бидай еккен жеріңе
Мия мен тікен бітер.
Бақыт, байлық басыңа қайта оралса:
Кеткен достар әр жерден жылмаң етер.

Ілмектер: бақыт, дос

Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын —
Бақыт деген сол.

Ілмектер: ар, бақыт

Жыртық жерді жел табар,
Шын бақытты ел табар.

Ілмектер: жер, ел, бақыт

Ер бақыттың
Қонғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.

Ілмектер: бақыт, ер

Ынтымақ бар жерде бақыт бар.

Ілмектер: ынтымақ, бақыт

Бақытсыздық, оған ашылған есікке кіреді.

Ілмектер: бақыт, қытай даналығы, қытай мақалы

Жақсылығы жоқтан,
Жақсы бақыт қашады.

Ілмектер: бақыт

Азат елін сүйген ұл — бақытты,
Жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты.

Ілмектер: тәуелсіздік, азат, жұрт, бақыт

Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.

Ілмектер: Туған жер, бақыт, отан

Бақыт кілті еңбекте.

Ілмектер: бақыт, кілт

Бақыт тайса,
Ботқаға да тіс сынады.

Ілмектер: бақыт, ботқа, парсы мақалы

Өнерлі қол - бақытқа жол.

Ілмектер: өнер, жол, қол, бақыт

Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.

Ілмектер: бақыт, ғылым, ақыл

Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.

Ілмектер: нан, өмір, бақыт

Бағалай білмеген адам бақытқа жетпейді,
Армандай білмеген адам мұратқа жетпейді.

Ілмектер: Бақыт Белгісіз

Пікірлер